|
QOSTANAI OBLYSY ÁKIMDIGI BILIM BASQARMASYNYŃ "JITIQARA AÝDANY BILIM BÓLIMINIŃ ZABELOV JALPY BILIM BERETIN MEKTEBI" KOMÝNALDYQ MEMLEKETTIK MEKEMESI
КГУ «ЗАБЕЛОВСКАЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ЖИТИКАРИНСКОГО РАЙОНА» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ |
|
|---|
Біздің сайтқа қош келдіңіз!

Құрметті ата-аналар, оқушылар, мұғалімдер және біздің сайт қонақтары.
Біздің сайтта ата-аналарға, балаларға және тәрбиешілерге, сондай-ақ біздің мектеп өміріне қызығушылық танытқандарға арналған ақпарат бар. Мұнда сіз біздің ұжыммен жақынырақ таныса аласыз, өзіңіз үшін ақпарат, мұғалімдердің жұмысына, балалар мен олардың ата-аналарына пайдалы материалдар таба аласыз. Кері байланыс нысандарының көмегімен сіз білім беру мекемесінің мамандары мен әкімшілігіне сұрақтар мен ұсыныстармен тікелей жүгіне аласыз.
Құрметпен, мектеп директоры Бисикеев Рамир Жұмағұлұлы
Біздің жаңалықтар
|
19
Наурыз
2026
|
- Категория: Жаңалықтар
- Қаралды: 77
«Оқуға құштар ұлт» республикалық жобасын іске асыру аясында біздің мектепте педагогикалық ұжым арасында тестілеу өтті. Тексеру мұғалімдердің оқу сауаттылығы мен эрудиция деңгейін анықтауға бағытталды.
Ұстаздарымыз белсенділік танытып, жоғары нәтижелер көрсетті.
- Категория: Жаңалықтар
- Қаралды: 63
Алғыс айту күні мерекесі және Досболайық бағдарламасы аясында мектебіміздің мектеп парламентінің мүшелері барша қауымды осы мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Оқушылар әрбір жанға денсаулық, береке-бірлік, өзара құрмет және жақын жандардың қамқорлығын бағалай білуді тіледі. Алғыс сөздері жүректерге жылу сыйлап, игі істерге жетелесін.
- Категория: Жаңалықтар
- Қаралды: 54
Адал азамат бірыңғай тәрбиелік бағдарламасы және Досболайық бағдарламасы аясында «Әлем алғыстан басталады» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сабақ барысында оқушылар алғыстың күнделікті өмірдегі маңызы туралы ой бөлісіп, ата-анасына, ұстаздарына және достарына ризашылық білдіруді үйренді, игі істерге мысалдар келтірді. Талқылау мен шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылар алғыс айту адамдар арасындағы сыйластықты нығайтып, ұжымның бірлігін арттырып, әлемді мейірімді ететінін түсінді.





