Бүгін мектебімізде «Ақбота», «Атамекен», «Кенугу» зияткерлік ойындарына белсенді қатысып, жақсы нәтиже көрсеткен, сондай-ақ спорт пен зерттеу жұмыстары бағытында жетістікке жеткен оқушыларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
Біз оқушыларымыздың түрлі байқаулар мен жарыстарға белсенді қатысып қана қоймай, мектеп намысын әр деңгейде абыроймен қорғап жүргенін мақтан тұтамыз.
Ерекше атап өтетін жетістіктер: 🏅 Захаров Станислав Жеңіс күніне орай, Кеңес Одағының Батыры Естай Есжановты еске алуға арналған және Жітіқара ауданының жаттықтырушыларын еске алуға арналған 2012–2013 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы XXV облыстық бокс турнирінде 33 кг салмақ дәрежесінде III орын иеленді.
🥈 Ярошевич Кирилл осы XXV облыстық бокс турнирінде 49 кг салмақ дәрежесінде II орын иеленді.
🥇 Давенов Амир оқушылардың зерттеу жұмыстарының «Жетістікке сәтті қадам» атты III облыстық кезеңдік байқауында I орын иеленді.
Осындай жетістіктер — оқушылардың еңбегінің, педагогтердің кәсіби қолдауының және ата-аналардың сенімінің нәтижесі.
Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі марапаттар жаңа белестерді бағындыруға, биік нәтижелерге қол жеткізуге және алдағы уақытта да тек жеңіс жолынан көрінуге жігер береді деп сенеміз. 👏📚🏆
|
QOSTANAI OBLYSY ÁKIMDIGI BILIM BASQARMASYNYŃ "JITIQARA AÝDANY BILIM BÓLIMINIŃ ZABELOV JALPY BILIM BERETIN MEKTEBI" KOMÝNALDYQ MEMLEKETTIK MEKEMESI
КГУ «ЗАБЕЛОВСКАЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ЖИТИКАРИНСКОГО РАЙОНА» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ |
|
|---|
QOSTANAI OBLYSY ÁKIMDIGI BILIM BASQARMASYNYŃ "JITIQARA AÝDANY BILIM BÓLIMINIŃ ZABELOV JALPY BILIM BERETIN MEKTEBI" KOMÝNALDYQ MEMLEKETTIK MEKEMESI
КГУ «ЗАБЕЛОВСКАЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ЖИТИКАРИНСКОГО РАЙОНА» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ
МЕНЮ





