|
QOSTANAI OBLYSY ÁKIMDIGI BILIM BASQARMASYNYŃ "JITIQARA AÝDANY BILIM BÓLIMINIŃ ZABELOV JALPY BILIM BERETIN MEKTEBI" KOMÝNALDYQ MEMLEKETTIK MEKEMESI
КГУ «ЗАБЕЛОВСКАЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ЖИТИКАРИНСКОГО РАЙОНА» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ |
|
|---|
Четвертый стиль
|
21
Сәуір
2026
|
«Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» декадасы аясында мектебімізде «Кітап – білім бұлағы» атты зияткерлік күн өтті.
Іс-шара барысында оқушылар интеллектуалдық ойындарға қатысып, кітапқа деген қызығушылықтарын арттырып, білімдерін сынады. Қатысушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізе білді.
Осындай шаралар жас ұрпақтың рухани дамуына, оқу мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосады.
Күн тәртібі аясында инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі, BilimLand цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану, оқушыларды жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадаларға дайындау сапасы, сондай-ақ негізгі орта білім беру курсы үшін қорытынды аттестаттауды өткізу қағидалары және 9-сынып оқушыларын алдын ала жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды.
Қаралған барлық мәселелер бойынша алдағы жұмыс бағыттары айқындалып, тиісті тапсырмалар берілді және басым міндеттер белгіленді.






