|
QOSTANAI OBLYSY ÁKIMDIGI BILIM BASQARMASYNYŃ "JITIQARA AÝDANY BILIM BÓLIMINIŃ ZABELOV JALPY BILIM BERETIN MEKTEBI" KOMÝNALDYQ MEMLEKETTIK MEKEMESI
КГУ «ЗАБЕЛОВСКАЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ЖИТИКАРИНСКОГО РАЙОНА» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ |
|
|---|
Біздің сайтқа қош келдіңіз!

Құрметті ата-аналар, оқушылар, мұғалімдер және біздің сайт қонақтары.
Біздің сайтта ата-аналарға, балаларға және тәрбиешілерге, сондай-ақ біздің мектеп өміріне қызығушылық танытқандарға арналған ақпарат бар. Мұнда сіз біздің ұжыммен жақынырақ таныса аласыз, өзіңіз үшін ақпарат, мұғалімдердің жұмысына, балалар мен олардың ата-аналарына пайдалы материалдар таба аласыз. Кері байланыс нысандарының көмегімен сіз білім беру мекемесінің мамандары мен әкімшілігіне сұрақтар мен ұсыныстармен тікелей жүгіне аласыз.
Құрметпен, мектеп директоры Бисикеев Рамир Жұмағұлұлы
Біздің жаңалықтар
|
1
Маусым
2026
|
- Категория: Жаңалықтар
- Қаралды: 17
📢 «Өмірге қол соз!» акциясы
«Өмірге қол соз!» акциясы аясында білім алушылар мен олардың ата-аналары арасында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдау және тәрбие жұмысының өңірлік оқу-әдістемелік орталығы» КММ қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Акцияның мақсаты – өскелең ұрпақ пен олардың заңды өкілдерінің сындарлы қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, психологиялық тұрақтылық деңгейін арттыру, эмоционалдық интеллектіні дамыту, сондай-ақ буллингтің, зорлық-зомбылықтың және психоактивті заттарды қолданудың алдын алу.
Іс-шара барысында қатысушыларға психологиялық саулықты сақтау, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту және уақытылы психологиялық көмек алу жолдары туралы ұсыныстар қамтылған ақпараттық жадынамалар таратылды.
🤝 Есіңізде болсын: қолдау көрсету, қамқорлық таныту және жылы сөз айту адамның қиындықтарды жеңуіне және өзіне деген сенімін сақтап қалуына көмектеседі!
- Категория: Жаңалықтар
- Қаралды: 18
📚 29 мамыр күні мектебімізде негізгі орта білім беру курсын аяқтаған білім алушылардың қорытынды аттестаттауы басталды. Алғашқы болып математика (алгебра) пәнінен емтихан өткізілді.
Биыл қорытынды аттестаттауға 15 оқушы жіберілді. Бұл – олардың алдағы білім жолындағы маңызды әрі жауапты кезең.
Түлектерімізге өз білімдеріне сенімділік, сабырлылық, барлық тапсырмаларды сәтті орындап, жоғары нәтижелерге қол жеткізулерін тілейміз. Ерен еңбек, табандылық және жетістікке деген ұмтылыс емтихан сынақтарынан абыроймен өтуге көмектессін!
Сәттілік тілейміз, құрметті түлектер! 🎓✨
|
28
Мамыр
2026
|
- Категория: Жаңалықтар
- Қаралды: 21
Мектебімізде «2025–2026 оқу жылын аяқтау және қорытынды аттестаттауды өткізу» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді.
Кеңес барысында оқу жылын аяқтауға байланысты негізгі мәселелер, білім алушылардың қорытынды аттестаттауын ұйымдастыру, сондай-ақ емтихандарды өткізуге қатысты нормативтік-құқықтық құжаттар мен бұйрықтар қарастырылды.
Атап айтқанда:
🔹 1–4 сынып оқушыларын келесі сыныпқа көшіру;
🔹 қорытынды аттестаттау мен консультациялар кестесін бекіту;
🔹 емтихан материалдарын дайындау;
🔹 емтихан өткізу кезінде академиялық адалдық пен қауіпсіздік талаптарын сақтау;
🔹 оқушылардың жазғы демалысы мен бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Мектеп әкімшілігі тарапынан педагогтерге оқу жылын сапалы аяқтау бойынша тиісті түсіндірмелер мен ұсынымдар берілді.
Педагогикалық ұжымға атқарған еңбектері, кәсібилігі және оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі жауапкершілігі үшін алғыс білдіреміз!





