ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
QOSTANAI OBLYSY ÁKIMDIGI BILIM BASQARMASYNYŃ "JITIQARA AÝDANY BILIM BÓLIMINIŃ ZABELOV JALPY BILIM BERETIN MEKTEBI" KOMÝNALDYQ MEMLEKETTIK MEKEMESI
КГУ «ЗАБЕЛОВСКАЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ЖИТИКАРИНСКОГО РАЙОНА» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ
с. Забеловка ул. Комсомольская д.49.
8(714-35)92-4-77
zabelovka@zhitikara.edu.kz

QOSTANAI OBLYSY ÁKIMDIGI BILIM BASQARMASYNYŃ "JITIQARA AÝDANY BILIM BÓLIMINIŃ ZABELOV JALPY BILIM BERETIN MEKTEBI" KOMÝNALDYQ MEMLEKETTIK MEKEMESI
КГУ «ЗАБЕЛОВСКАЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ЖИТИКАРИНСКОГО РАЙОНА» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ

МЕНЮ
14
Қараша
2025

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы, сондай-ақ «Оқитын мектеп» және «Оқитын ұлт» жобалары аясында мектеп кітапханасында ұсынылған әдеби шығармалар бойынша кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты — оқушыларды маңызды және қызықты әдеби шығармалармен таныстыру, кітаптардың мазмұнын, негізгі идеясын және кейіпкерлерін түсінуге көмектесу, оқырмандық мәдениетті қалыптастыру және кітап оқуға деген сүйіспеншілікті арттыру.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, әдебиетке деген тұрақты қызығушылықты қалыптастырып, саналы оқудың маңызын дәріптейді.

13
Қараша
2025

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 1, 5 және 7 сынып оқушылары “Досболlike: достық қолын соз” республикалық акциясына белсенді қатысты.
Оқушылар дос болу, қиын уақытта көмекке келу және әрқашан қолдауды қажет ететін адамның жанында болу қаншалықты маңызды екенін көрсетті.

12
Қараша
2025

🔅 40 балалар омбудсмені мектеп оқушыларының мүддесін республикалық деңгейде қорғайды

🔰 Елімізде мектеп парламенттері мен балалар қозғалысының көшбасшылары арасында балалар омбудсмендерін сайлау өтті. Іріктеу нәтижесінде Республикалық кеңес құрамына еліміздің түкпір-түкпірінен 40 жас құқық қорғаушы қабылданды. Енді олар Қазақстанның барлық өңірлерінде оқушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға атсалыспақ.

11
Қараша
2025

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 4-сынып оқушылары республикалық «ДосболLIKE: достыққа қолынды соз» акциясына белсене қатысты. Балалар шынайы достықтың мәнін көрсетіп, қиын сәтте көмекке келудің және қасында болудың маңыздылығын ұғындырды.

10
Қараша
2025

“Адал азамат”біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 1-7 сынып оқушылары арасында ұлттық валюта — Теңге күніне арналған сынып сағаты өтті.
Балалар Қазақстанның ұлттық валютасының пайда болу тарихымен танысты, банкноттар мен монеталарда кімнің бейнеленгенін білді, сондай-ақ ақшаның адам мен мемлекет өмірінде қандай рөл атқаратынын талқылады.

10
Қараша
2025

Мектебіміздің 4 сынып оқушысы Безрученкова Вивека 28 қарашада”Дарынды 1000 бала”байқауына қатысты. Эссе байқауында Вивека I орын алды.
жетекшісі Л. С. Альменовамен бірге Астана қаласында өткен марапаттау рәсіміне қатысты.

10
Қараша
2025

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 8-9 сынып оқушылары арасында өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесі мен азаматтық ұстанымын қалыптастыруға арналған “Ерлік сабағы” өтті.
Іс-шара барысында балалар Қазақстан тарихының қаһармандық беттерімен, Отан қорғаушылардың подіктерімен және Отанға қызмет етудің заманауи үлгілерімен танысты. Оқушылар тақырыптық бейнероликтерді тамашалады, “парыз”, “ар-намыс”, “патриотизм” ұғымдарын талқылауға қатысты, өз елінің нағыз азаматы болу деген нені білдіретіні туралы өз пікірлерін білдірді.

10
Қараша
2025

Кітап өмірдегі тілдесуді алмастыра алмайды, бірақ қаласаңыз, ол қиындықтардан шығуға көмектесетін және шешім қабылдауда кеңес беретін нағыз дос бола алады. Кітап оқуды ұмытпаңыз, олар сіздің өміріңізді жақсарта алады!

© 2026. Все права защищены.