|
QOSTANAI OBLYSY ÁKIMDIGI BILIM BASQARMASYNYŃ "JITIQARA AÝDANY BILIM BÓLIMINIŃ ZABELOV JALPY BILIM BERETIN MEKTEBI" KOMÝNALDYQ MEMLEKETTIK MEKEMESI
КГУ «ЗАБЕЛОВСКАЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ЖИТИКАРИНСКОГО РАЙОНА» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ |
|
|---|
Жаңалықтар
|
13
Қараша
2025
|
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 1, 5 және 7 сынып оқушылары “Досболlike: достық қолын соз” республикалық акциясына белсенді қатысты.
Оқушылар дос болу, қиын уақытта көмекке келу және әрқашан қолдауды қажет ететін адамның жанында болу қаншалықты маңызды екенін көрсетті.
|
12
Қараша
2025
|
🔅 40 балалар омбудсмені мектеп оқушыларының мүддесін республикалық деңгейде қорғайды
🔰 Елімізде мектеп парламенттері мен балалар қозғалысының көшбасшылары арасында балалар омбудсмендерін сайлау өтті. Іріктеу нәтижесінде Республикалық кеңес құрамына еліміздің түкпір-түкпірінен 40 жас құқық қорғаушы қабылданды. Енді олар Қазақстанның барлық өңірлерінде оқушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға атсалыспақ.
|
11
Қараша
2025
|
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 4-сынып оқушылары республикалық «ДосболLIKE: достыққа қолынды соз» акциясына белсене қатысты. Балалар шынайы достықтың мәнін көрсетіп, қиын сәтте көмекке келудің және қасында болудың маңыздылығын ұғындырды.
|
10
Қараша
2025
|
“Адал азамат”біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 1-7 сынып оқушылары арасында ұлттық валюта — Теңге күніне арналған сынып сағаты өтті.
Балалар Қазақстанның ұлттық валютасының пайда болу тарихымен танысты, банкноттар мен монеталарда кімнің бейнеленгенін білді, сондай-ақ ақшаның адам мен мемлекет өмірінде қандай рөл атқаратынын талқылады.
|
10
Қараша
2025
|
Мектебіміздің 4 сынып оқушысы Безрученкова Вивека 28 қарашада”Дарынды 1000 бала”байқауына қатысты. Эссе байқауында Вивека I орын алды.
жетекшісі Л. С. Альменовамен бірге Астана қаласында өткен марапаттау рәсіміне қатысты.
|
10
Қараша
2025
|
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 8-9 сынып оқушылары арасында өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесі мен азаматтық ұстанымын қалыптастыруға арналған “Ерлік сабағы” өтті.
Іс-шара барысында балалар Қазақстан тарихының қаһармандық беттерімен, Отан қорғаушылардың подіктерімен және Отанға қызмет етудің заманауи үлгілерімен танысты. Оқушылар тақырыптық бейнероликтерді тамашалады, “парыз”, “ар-намыс”, “патриотизм” ұғымдарын талқылауға қатысты, өз елінің нағыз азаматы болу деген нені білдіретіні туралы өз пікірлерін білдірді.
|
10
Қараша
2025
|
Кітап өмірдегі тілдесуді алмастыра алмайды, бірақ қаласаңыз, ол қиындықтардан шығуға көмектесетін және шешім қабылдауда кеңес беретін нағыз дос бола алады. Кітап оқуды ұмытпаңыз, олар сіздің өміріңізді жақсарта алады!
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында біздің мектепте адалдық, әділдік және адал еңбек мәселелеріне арналған “Адал азамат – Адал табыс – Адал еңбек” тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сабақ барысында оқушылар адал адам болу дегеннің не екенін, өз табыстарын адал еңбекпен табудың неліктен маңызды екенін талқылап, өмірден және халық мақал-мәтелдерінен мысалдар келтірді.













