|
QOSTANAI OBLYSY ÁKIMDIGI BILIM BASQARMASYNYŃ "JITIQARA AÝDANY BILIM BÓLIMINIŃ ZABELOV JALPY BILIM BERETIN MEKTEBI" KOMÝNALDYQ MEMLEKETTIK MEKEMESI
КГУ «ЗАБЕЛОВСКАЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ЖИТИКАРИНСКОГО РАЙОНА» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ |
|
|---|
Жаңалықтар
Алғыс айту күні мерекесі және Досболайық бағдарламасы аясында мектебіміздің мектеп парламентінің мүшелері барша қауымды осы мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Оқушылар әрбір жанға денсаулық, береке-бірлік, өзара құрмет және жақын жандардың қамқорлығын бағалай білуді тіледі. Алғыс сөздері жүректерге жылу сыйлап, игі істерге жетелесін.
|
21
Наурыз
2026
|
Наурызнама онкүндігі аясында оқушылар «Ұлттық киім – ұлт айнасы» челленджіне белсене қатысты. 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай, оқушылар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қазақтың дәстүрлі киімдерін киіп, оның маңызы мен ерекшелігін таныстырды. Бұл шара жас ұрпақтың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, рухани тәрбиесіне оң әсерін тигізді.
аурызнама онкүндігін мерекелеу аясында мектепте қазақтың ұлттық ойындары ұйымдастырылды. Бұл шара барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, нағыз мерекелік атмосфера қалыптастырды. Оқушылар ойындарға үлкен қызығушылықпен және белсенділікпен қатысып, өздерінің ептілігін, күш-жігерін, тапқырлығын және командалық рухын көрсетті.
Бұл ұлттық ойындар оқушылардың дене қабілеттерін дамытып қана қоймай, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдениетіне деген құрметін арттырады.
|
19
Наурыз
2026
|
«Оқитын ұлт» бағдарламасы аясында Захаровтар және Алжапаровтар отбасылары «Оқитын әулет» байқауына қатысты.
Байқау барысында қатысушылар кітапқа деген сүйіспеншіліктерін, отбасылық оқу дәстүрлерін көрсетіп, өздерінің сүйікті шығармаларымен бөлісті, оқырмандық тәжірибелері мен қызықты оқиғаларын ұсынды.
Бұл байқау ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге және жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
|
19
Наурыз
2026
|
«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектепте футбол алаңының аумағын қардан тазарту ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға мектеп оқушылары мен ауыл тұрғындары қатысты.
|
19
Наурыз
2026
|
«Оқуға құштар ұлт» республикалық жобасын іске асыру аясында біздің мектепте педагогикалық ұжым арасында тестілеу өтті. Тексеру мұғалімдердің оқу сауаттылығы мен эрудиция деңгейін анықтауға бағытталды.
Ұстаздарымыз белсенділік танытып, жоғары нәтижелер көрсетті.
Адал азамат бірыңғай тәрбиелік бағдарламасы және Досболайық бағдарламасы аясында «Әлем алғыстан басталады» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сабақ барысында оқушылар алғыстың күнделікті өмірдегі маңызы туралы ой бөлісіп, ата-анасына, ұстаздарына және достарына ризашылық білдіруді үйренді, игі істерге мысалдар келтірді. Талқылау мен шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылар алғыс айту адамдар арасындағы сыйластықты нығайтып, ұжымның бірлігін арттырып, әлемді мейірімді ететінін түсінді.
Кешенді медиа-жоспар аясында 5–9 сынып оқушылары арасында
«Адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениеті: құрмет, келісім және жеке шекаралар» тақырыбында бірыңғай республикалық сынып сағаты өтті.
Сабақ барысында оқушылар өзара құрметтің маңызын, салауатты қарым-қатынас орнату дағдыларын, жеке шекараларды сақтауды және өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті талқылады. Сынып сағаты құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға, сындарлы қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және зорлық-зомбылық пен мәжбүрлеудің кез келген түріне нөлдік төзімділікті тәрбиелеуге ықпал етті.













