|
QOSTANAI OBLYSY ÁKIMDIGI BILIM BASQARMASYNYŃ "JITIQARA AÝDANY BILIM BÓLIMINIŃ ZABELOV JALPY BILIM BERETIN MEKTEBI" KOMÝNALDYQ MEMLEKETTIK MEKEMESI
КГУ «ЗАБЕЛОВСКАЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ЖИТИКАРИНСКОГО РАЙОНА» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ |
|
|---|
Четвертый стиль
Адал азамат бірыңғай тәрбиелік бағдарламасы және Досболайық бағдарламасы аясында «Әлем алғыстан басталады» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сабақ барысында оқушылар алғыстың күнделікті өмірдегі маңызы туралы ой бөлісіп, ата-анасына, ұстаздарына және достарына ризашылық білдіруді үйренді, игі істерге мысалдар келтірді. Талқылау мен шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылар алғыс айту адамдар арасындағы сыйластықты нығайтып, ұжымның бірлігін арттырып, әлемді мейірімді ететінін түсінді.
Кешенді медиа-жоспар аясында 5–9 сынып оқушылары арасында
«Адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениеті: құрмет, келісім және жеке шекаралар» тақырыбында бірыңғай республикалық сынып сағаты өтті.
Сабақ барысында оқушылар өзара құрметтің маңызын, салауатты қарым-қатынас орнату дағдыларын, жеке шекараларды сақтауды және өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті талқылады. Сынып сағаты құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға, сындарлы қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және зорлық-зомбылық пен мәжбүрлеудің кез келген түріне нөлдік төзімділікті тәрбиелеуге ықпал етті.






