ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
QOSTANAI OBLYSY ÁKIMDIGI BILIM BASQARMASYNYŃ "JITIQARA AÝDANY BILIM BÓLIMINIŃ ZABELOV JALPY BILIM BERETIN MEKTEBI" KOMÝNALDYQ MEMLEKETTIK MEKEMESI
КГУ «ЗАБЕЛОВСКАЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ЖИТИКАРИНСКОГО РАЙОНА» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ
с. Забеловка ул. Комсомольская д.49.
8(714-35)92-4-77
zabelovka@zhitikara.edu.kz

QOSTANAI OBLYSY ÁKIMDIGI BILIM BASQARMASYNYŃ "JITIQARA AÝDANY BILIM BÓLIMINIŃ ZABELOV JALPY BILIM BERETIN MEKTEBI" KOMÝNALDYQ MEMLEKETTIK MEKEMESI
КГУ «ЗАБЕЛОВСКАЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ЖИТИКАРИНСКОГО РАЙОНА» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ

МЕНЮ
25
Мамыр
2026

Біздің мектебімізде жасөспірімдер мен жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және жауапты мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған деректі фильмдердің көрсетілімі өтті.
Бейнематериалдар ҚР Ішкі істер министрлігі тарапынан дайындалып, ҚР Оқу-ағарту министрлігі жасөспірімдер аудиториясына көрсетуге ұсынған.
Жоғары сынып оқушылары жауапкершілік, заңға бағыну, қауіпсіздік және өмірлік құндылықтар тақырыптарымен танысты. Фильмдерді көру өз әрекеттерінің салдары мен дұрыс таңдау жасаудың маңыздылығы туралы ойлануға жақсы мүмкіндік болды.

22
Мамыр
2026

 Футболдан аудандық мектеп лигасының қола жүлдесі!

2026 жылғы 19–20 мамыр күндері 5–6 сынып оқушылары арасында футболдан аудандық мектеп лигасы өтті.

Мектебіміздің командасы жарысқа белсене қатысып, ойын қорытындысы бойынша жүлделі 3-орынды иеленді! 🥉

Жунусов Батырханды ерекше атап өткіміз келеді. Ол «Үздік қақпашы» номинациясына ие болды. Бұл — оның сенімді ойынының, жауапкершілігінің және жеңіске деген ұмтылысының лайықты бағасы.

Жас футболшыларымызды, олардың жетекшісі Ахцигер Дмитрий Витальевич және ата-аналарын лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз! Оқушыларымызға алдағы уақытта спорттық табыстар, жаңа жеңістер және өз күштеріне деген сенімділік тілейміз!

Командамызды мақтан тұтамыз! 👏⚽️

4
Мамыр
2026

Бір шаңырақ астында: мәдениетке бойлау!
30 сәуір күні мектебімізде нағыз тартыс пен қызыққа толы күн болды! 5-7 сынып оқушылары үшін «Бір шаңырақ астында» атты иммерсивті ойын өтті. Оқушылар жай ғана жарысып қоймай, кабинеттен шықпай-ақ әлем бойынша нағыз саяхат жасады. 🌍✨
Екі командаға бөлінген қатысушылар ұпай үшін таласып, төрт қызу кезеңде өз білімдерін жылдамдыққа сынады:
🚩 «Туынан таны» — әртүрлі елдердің туларын ажырату нағыз білгірлердің ісі екені белгілі болды!
👗 «Этно-стиль» — балалар ою-өрнектер мен киім үлгілерінің ерекшеліктерін зерттей отырып, ұлттық киімдерді сәйкестендірді.
🤝 «Мұнда кім тұрады?» — мемлекеттер мен ұлттарды дұрыс сәйкестендіру тапсырмасы.
🍲 «Гастро-тур» — ең «дәмді» кезең, мұнда басты ұлттық тағамдарды қателеспей атау қажет болды.
Ойын мынаны көрсетті: біз бәріміз әртүрліміз, бірақ бізді достық пен әр халықтың дәстүріне деген құрмет біріктіреді. Біз өз эрудиттерімізді мақтан тұтамыз!

7
Мамыр
2026

3–4 сынып оқушылары арасында «Адал Азамат» біртұтас тәрбиебағдарламасы аясында 7 Мамыр — Отан қорғаушылар күніне арналған ойын өткізілді. Іс-шара танымдық әрі достық атмосферада өтті. Оқушылар сайыстар мен тапсырмаларға белсенді қатысып, тапқырлықтарын, ептіліктерін және топпен жұмыс жасау қабілеттерін көрсетті.

7
Мамыр
2026

5-сыныпта Отан қорғаушылар күніне арналған жарқын сыныптан тыс іс-шара өтті. Қыздар ұл балаларға арнап нағыз әскери квест ұйымдастырды. Болашақ қорғаушылар сарбаз қатарына қабылданып, отырып-тұру мен қолды бүгіп-жазу сияқты физикалық сынақтардан өтті, сондай-ақ тапқырлық пен логикалық ойлауды қажет ететін тапсырмаларды орындады. Барлық кезеңдерден сәтті өткеннен кейін ұл балаларға әскери шендер берілді.
Әсіресе әскери мамандықтармен танысу кезеңі ерекше қызығушылық тудырды. Әр қатысушы өзіне ұнаған бағытты таңдады. Іс-шара соңында қыздар ұл балаларға сыйлықтар табыстап, мерекелік жылы атмосфера орнады.
Бұл іс-шара патриоттық тәрбие беруге, Отан қорғаушыларға құрмет қалыптастыруға, командалық рухты, логикалық ойлауды, дене белсенділігін, өзіне деген сенімділікті және топпен жұмыс істеу қабілетін дамытуға бағытталды.

21
Сәуір
2026

5 сынып оқушыларымен кітапханада біздің кітапхана жаздырып алатын балалар мерзімді басылымдарымен таныстыру өтті. Сондай-ақ “Балаларға арналған басылымдар кітапқа жол. Детские издания-путь к книге” тақырыбында стенд безендірілді.

21
Сәуір
2026

5 сынып оқушыларымен кітапханада біздің кітапхана жаздырып алатын балалар мерзімді басылымдарымен таныстыру өтті. Сондай-ақ “Балаларға арналған басылымдар кітапқа жол. Детские издания-путь к книге” тақырыбында стенд безендірілді.

21
Сәуір
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектепте «Салауаттылық – денсаулық кепілі» тақырыбында сынып сағаттары және басқа да тәрбиелік іс-шаралар өткізілді. Сабақ барысында оқушылар дене және психикалық денсаулық мәселелерін, салауатты өмір салтының маңызын, дұрыс тамақтану мен белсенді демалыстың рөлін талқылады. Сонымен қатар, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

© 2026. Все права защищены.